жазушы, драмашы, қоғам қайраткері, ҚР халық жазушысы From Wikipedia, the free encyclopedia
Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов (11.2.1934 жылы туған, Көкшетау облысы, Кішкенекөл ауылы) – Қазақстанның халық жазушысы (1996).
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: |
11.02.1934 Көкшетау облысы, Кішкенекөл ауылы |
Қайтыс болғаны: | 2006 |
Мансабы: | халық жазушысы, жазушы-драматург |
Арғын тайпасының Бегендік руынан шыққан.[1]
Белгілі қазақ жазушысы Сәкен Жүнісов жан-жақты, парасатты, өнердің әрбір саласынан өзін танытқан тұлға. Асқан таланты үшін қазақ зиялылары оны Сәкен сері деп атаған. Ол карикатуралар салған, домбыра, пианино, мандолин аспаптарында ойнап, ән айтқан. Сонымен қоса ол қазақша күрес сайыстарына қатысқан. Шығармашылығын өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырып, 17 пьеса жазған. Кейін романдар да шықты. 2014 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша қазақ зиялыларының қолдауымен деректі фильм шығарылды. Фильмнің тұсаукесерінде апасы Роза Жүнісова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы айта отырып, ақын өмірін Ақан Сері тағдырымен теңестірді. Тұсаукесерде С.Жүнісовтың басқа да шығармалары туралы сөз қозғалды: «Жапандағы жалғыз үй», «Аман-ай мен заман-ай». «Жапандағы жалғыз үй» повестінің бас кейіпкері – Көкшетау облысының совхоз директоры, сол кезде еліміздің бас агрономы атағына ие болған Федор Трофимович Моргун. Автор Ф.Моргунның еңбегін жоғары бағалап, нағыз батыр деп атаған. Тың көтеру процессінің қазақ халқының тұрмысына, менталитетіне тигізген әсері туралы баяндап, «ауылдың жоғалуы ма» деп өз күйзелісін білдірген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.