![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/b/b1/%25D0%2596%25D2%25AF%25D0%25B3%25D0%25B5%25D0%25BD_%25D2%259B%25D2%25B1%25D1%2580%25D1%258B%25D0%25BB%25D1%258B%25D0%25BC%25D1%258B.jpg/640px-%25D0%2596%25D2%25AF%25D0%25B3%25D0%25B5%25D0%25BD_%25D2%259B%25D2%25B1%25D1%2580%25D1%258B%25D0%25BB%25D1%258B%25D0%25BC%25D1%258B.jpg&w=640&q=50)
Жүген
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жүген – мінген немесе жегілген атты басқарып отыруға арналған аттың басына кигізілетін әбзел. Жүгенді аттың басына кигізуді – "жүгендеу" деп айтады. Атты мінгенде тізгінінің, ал, жегілгенде делбенің бір жағын тарту арқылы аттың басын бұрып, сол арқылы аттың жүретін бағытын өзгертіп отырады. Ал, екі жағын қатар тарту арқылы атты тоқтатады және кейде атты артқа шегіндіруге де болады. Атты тек пайдаланған (мінгенде, жеккенде) кезде ғана жүгендейді де, ал басқа уақытта ноқтамен байлайды. Себебі жүгеннің ауыздығы болатындықтан аттың жем-шөп жеуіне, су ішуіне кедергі келтіреді. Осыған орай негізінен жүгеннің астынан ноқталау кең таралған.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/b/b1/%D0%96%D2%AF%D0%B3%D0%B5%D0%BD_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D1%8B.jpg/640px-%D0%96%D2%AF%D0%B3%D0%B5%D0%BD_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC%D1%8B.jpg)