Жылу энергетикасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жылу энергетикасы — жылудың энергияның басқа түрлеріне (мех., электрлік, гидравликалық, т.б.) түрленуін зерттейтін жылу техникасының саласы. Жылуды электр энергиясына түрлендіру жылу электр стансасында жүзеге асырылады. Ол үшін бұларда отын жанғанда немесе ядр. отын ыдырағанда бөлінетін энергия, сондай-ақ, Жер қойнауының қызуы мен Күн радиациясы энергиясы пайдаланылады. Жылу энергиясынан мех. жұмыс алу үшін қолданылатын негізгі энергет. агрегат – жылу қозғалтқышы.[1]