From Wikipedia, the free encyclopedia
Жылжымайтын жұлдыздар кітабы — парсы астрономы Абдуррахман ас-Суфидің 964 жылы шамасында[1] арабша жазған ғылыми трактаты.
Кітапта 1017 жұлдыздың каталогы және 48 жұлдыздар шоғырының сипаттамасы жинақталған. Әр шоқжұлдыздың көрнекі суреті берілген және оны құрайтын жұлдыздардың координаталары мен жұлдыздық шамалары көрсетілген. Бұл еңбегінде ас-Суфи Птолемейдің Альмагест трактатындағы каталогын өзінің және араб астрономдарының бақылау нәтижелерімен толықтырды.
Кітап астрономия ғылымының дамуына үлкен әсер етті. Оған сілтеп Әл-Бируни, Насыруддин әт-Туси, испан ғалымдары мен Ұлықбек обсерваториясының шәкірттері өздерінің астрономиялық еңбектерін жазды.
Кітаптың ең көне көшірмесі Оксфорд университетінің кітапханасында сақтаулы тұр. Оны 1009 жылы ғалымның ұлы көшіріп жазған.
Біздің галактикамыздан тыс басқа галактикалар туралы алғашқы мәліметтер дәл осы кітапта көрсетілген — бұл Андромеда галактикасы мен Үлкен Магеллан бұлтына қатысты бақылаулары.[2]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Kitāb Ṣuwar al-kawākib (al-thābitah) |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.