Жыланшы бүркіт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жыланшы бүркіт (лат. Circaetus gallicus) - қаршыға тұқымдастары.
Жыланшы бүркіт | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Circaetus gallicus (Gmelin, 1788) | ||||||||||||||||
![]() Жазда Жыл бойы Қыста |
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/18/Circaetus_gallicus_MHNT.ZOO.2010.11.87.5.jpg/640px-Circaetus_gallicus_MHNT.ZOO.2010.11.87.5.jpg)
Қанат құлашы 1,9 м, тырнақтары өткір. Еуропа, Африка, Оңтүстік-Батыс Азияда таралған. ТМД оңтүстік аймақтарда кездеседі. Түрікменстанда кең таралған. Орманды және таулы жерлерде кездеседі. Бір жұмыртқа салады. Саны азаюда. КСРО Қызыл кітабында.[1]
Қазақстанда 4 түр тармағы шөл және шөлейт аймақтарды ұялайды. Құмды шөлдер, құрғақ тау бөктерлері мен өсімдігі сирек аласа тауларды мекендейді. Шәулісінің қанатының ұзындығы 52 – 59 см, салм. 1,2 – 2,0 кг, ұябасары шәулісіне қарағанда сәл ірілеу. Реңінде жыныстық ерекшелік байқалмайды. Арқасы қоңыр сұр, мойны мен басы ақшылдау. Үстіңгі қақпа қауырсындары – қоңыр, астыңғысы ақшыл, жолақты. Бауыры ақшыл көлденең жолақты, жемсауы теңбіл келеді. Жас жыланшы бүркіттің қақпа және бағыттаушы қауырсындарының шеті ақшыл. Бұл белгі ересектерінде тез жойылып кетеді. Әуеде ұшып жүрген Жыланжегіш қыранның басына төсі қара, ал отырғанда басы сұрлау болып көрінеді. Көзі сары, өте үлкен болады. Жерде жақсы жүреді, ағаш басына жартастарға жиі қонады. Жемтігін жерден ұстайды. Жыл құсы. Сәуірде ұшып келеді, ұясын ағаш басына не жартас жиегіне салады. Мамырда ұяға ақ түсті бір ғана жұмыртқа салып оны бір айдан аса шәулісі мен ұябасары бірігіп шайқайды. Ұясы бұзылған жағдайда қайтадан көбеюге қатысып, тағы да бір жұмыртқа салады. Балапаны 2,5 – 3 айдан соң ұядан ұшады. Қыркүйектің ортасы – қазанның басында жылы жаққа ұшып кетеді. Арабия түбегінде, Африкада және Оңтүстік Азияда қыстайды. Негізгі қорегі – жыландар мен кесірткелер, кірпілер, т.б. ұсақ жануарлар. Жыланшы бүркіт – сирек кездесетін құс. Қазақстанда Алматы мен Шымкент қалаларындағы хайуанаттар саябағында бір-бірден ғана жұбы бар. Негізінен бұлар Ақсу-Жабағылы, Үстірт қорықтары мен «Алтынемел» ұлттық табиғи саябағында қорғалады. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.