From Wikipedia, the free encyclopedia
Жол құрылыс машиналары — автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға және жөндеуге арналған машиналар. Олар cондай-ақ техникалық жолдар, гидротехникалық, азаматтық, өнеркәсіптік, аэродром, т.б. құрылыстарды салу үшін де пайдаланылады. Жол салудағы даярлық жұмыстарға ағаш жыққыш, бұта отағыш, топырақ қопсытқыш, тамыр жұлғыш, тас жинағыш, т.б. машиналар қолданылады. Топырақты қазу, тасымалдау, үю, т.б. жер жұмыстары скрепер, бульдозер, автогрейдер, т.б. жер қазғыш машиналар көмегімен жүргізіледі. Грунтты, жол негізін және жол жамылғысын тығыздауға жол тығыздағыштар, вибрациялық және пневматикалық таптағыштар, т.б. қолданылса, жол негізін төсеу және жол жамылғысын орналастыру үшін битум тасығыш, гудронаторлар, цемент тасығыш, топырақ араластырғыш, бетон қоспасын араластырғыш, қиыршықтастарды үлестіріп жайғыш, асфальт төсегіш, бетон төсегіш, т.б. машиналар пайдаланылады. Жолды жөндеу және оны пайдалану жұмыстары бетон бұзғыш, қар тазалағыш, жол жуғыш, т.б. машиналары арқылы атқарылады. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.