From Wikipedia, the free encyclopedia
Жолбарыс тәрізді құм акуласы тропикалық мұхиттарда кездесетін танымал ең ірі мұхит жыртқышы болып табылады.
Жолбарыс тәрізді құм акуласы | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Carcharias taurus Rafinesque, 1810 | ||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||
Carcharias tricuspidatus Day, 1878 |
Жолбарыс тәрізді құм акуласының ұзындығы 3,2 метрге дейін жетеді және оның екі үлкен артқы жүзбеқанаты бар. Оның тұмсығы сүйірлеу, ал құйрығы ерекше ұзын. Олар ауаны асқазанында сақтайды және бұл су астында қимылсыз жүзіп қоректі іздеуге көмектеседі.
Құм акуласы жұмыртқалау арқылы көбейеді. 9-12 ай буаздықтан кейін 2 ұрпағын дүниеге алып келеді. Әрқайсысының ұзындығы шамамен 1 метрге жетеді.
Олар Батыс және Шығыс Атлант, Тынық және Үнді мұхиттарында, Жерорта және Адриат теңіздерінде кездеседі. Ол құмды жағалауға жақын, таяз суларда, өзеннің сағаларында, жартасты және тропиктік рифтерде тіршілік етеді.
Олар балықтырмен, ұсақ акулалармен, скаттар, асшаяндар және шаянтәрізділермен қоректенеді. Олардың электр толқындарын табуға көмектесетін алтыншы сезімі бар. Акуланың бұл түрі көбінесе түнде белсенді болады. Олардың түрі қорқынышты көрінгенімен, жуас акула. Ол адамдар мен жануарларға тек өзін қорғау мақсатында ғана шабуыл жасайды. Жолбарыс тәрізді құм акуласының саны өте аз және жоғалып кету қаупі бар. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.