Жиіліктік модульдеу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жиіліктік модульдеу, жиіліктік модуляция — генератор жиілігінің модульдеуші (модуляциялаушы) кернеу әсерінен өзгеруі. Жиіліктік модульдеу, негізінен, радиотехникада, телеметрияда, теледидарда (теледидарлық көріністі дыбыспен үйлестіру үшін), т.б. электрондық приборларда қолданылады. Амплитудалық модульдеумен салыстырғанда Жиіліктік модульдеу қабылдау кезінде электрлік бөгеуілдер әсерін төмендете алады.