![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0d/SilverBuffaloberrySK-3.jpg/640px-SilverBuffaloberrySK-3.jpg&w=640&q=50)
Жиде тұқымдасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жиде тұқымдасы (Elaeagnaceae) — қос жарнақты өсімдіктер. Бұта немесе биік ағаш. Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік белдеулерде өсетін 3 туысы, 50-дей түрі бар. Қазақстанда 2 туысы (шырғанақ және жиде), 3 түрі кездеседі. Сабағы мен жапырағының сыртын майда, күміс түсті жылтыр қабыршақтар мен жұлдыз тәрізді тарамдалған түктер жауып жатады. Жапырағы бүтін жиекті, кезектесіп не қарама-қарсы орналасады. Гүлі екі үйлі, қос кейде дара жынысты; желмен немесе жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі — тостағанша жапырақшаның шырынды түтігімен қапталған жаңғақша. Жиде тұқымдасын сусымалы құмды бекітуге, сүрегін құрылысқа, жемісін тағамға, дәрі жасауға пайдаланады, гүлінен ара бал жинайды.
Дереккөздер:
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/0/0d/SilverBuffaloberrySK-3.jpg/640px-SilverBuffaloberrySK-3.jpg)
Қазақ ұлттық энциклопедиясы
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |