![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/29/Supply_and_demand_network_%2528en%2529.png/640px-Supply_and_demand_network_%2528en%2529.png&w=640&q=50)
Жеткізілім тізбегін басқару
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жеткізілім тізбегін басқару (ағыл. Supply chain management немесе SCM) — клиент немесе тапсырыс беруші тарапынан талап етілетін өнімдер мен қызмет түрлерін қамтамасыз етудегі өзара байланысқан бизнес тармақтарын басқаруды білдіреді. Жеткізілім тізбегін басқару шикізат, өндіріс процесіндегі өнім(work-in-process), әрі дайын өнімнің алғашқы нүктесінен тұтыну нүктесіне дейінгі қозғалысы мен қоймалануын қамтиды.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b5/Supply_and_demand-stacked4.png/640px-Supply_and_demand-stacked4.png)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/29/Supply_and_demand_network_%28en%29.png/640px-Supply_and_demand_network_%28en%29.png)
Жеткізілім тізбегін басқару «таза құндылықты құру, бәсекеге қабілетті инфрақұрылым құру, дүниежүзілік логистиканы пайдалану, ұсынысты сұраныспен ғаламдық деңгейде үндестіру мақсатымен жабдықтау тізбегі қызметін жобалау, жоспарлау, орындау және бақылау» ретінде анықталды [2]. SCM практикасы өнеркәсіптік инженерия, жүйелік инженерия, операцияларды басқару, логистика, сатып алу, ақпараттық технологиялар және маркетинг салаларымен тығыз байланысты және интеграциялауға ұмтылады [3]. Жеткізілім тізбегін басқарудағы қазіргі зерттеулер тұрақтылық пен тәуекелдерді басқарумен байланысты тақырыптарға қатысты [4]. Кейбіреулер SCM-нің «адамдық өлшемі», этикалық мәселелер, ішкі интеграция, ашықтық және адами капиталды / таланттарды басқару осы уақытқа дейін зерттеулердің күн тәртібінде аз көрсетілген тақырыптар деп сенеді [5]. Жеткізілім тізбегін басқару (SCM) - бұл өнімнің материалдардан өндіріске таралуына дейін барынша үнемді түрде жоспарлануы, бақылауы және орындалуы үшін қажетті іс-шаралардың жиынтығы. SCM құрамында сұранысты жоспарлау, сатып алу, өндіріс, тауарлы-материалдық құндылықтарды басқару және логистика, сақтау мен тасымалдауды қамтитын функциялардағы материалдар, ақпарат және капитал ағынын оңтайландыру үшін қажетті кешенді жоспарлау мен процестерді қамтиды [6].