From Wikipedia, the free encyclopedia
Жем үстірті– Атырау облысының шығысындағы көтеріңкі морфоқұрылым. Жаңа тектоникалық қозғалыстың инверциялық көтерілімінен пайда болған.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 км-ге созылған Жем үстірті 190 – 200 м абсолюттік биіктіктен батысқа қарай 50 – 60 км бойы төмендей келе Каспий маңы ойпатына ұласады. Үстірттің жер бедері Жем, Сағыз, Ойыл, т.б. көптеген ұсақ өзендермен, сайлармен тілімденген. Өзен аралықтарында эрозиялық тауларға жататын биікт. 150 – 200 м, аумағы шағын суайрық массивтер кездеседі. Жем үстірті негізінен бор және палеогеннің құмтастарынан, саздардан және мергельден түзілген.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.