Желе
From Wikipedia, the free encyclopedia
Желе[1] — салқын тәтті тағам; жас және жастай тоңазытқан жеміс-жидектен, олардың нәрінен (сөлі), шырынынан, сондай-ақ кілегей мен қаймақтан әзірлейді. Жемістен дайындалатын желе дәмді болуы үшін цедра, ванилин, лимон шырынын, яғни лимон қышқылын қосады. Дайын желе ыдысқа жабысып қалмауы үшін дастарқанға қояр алдында оны ыстық суға салады. Сонымен бірге оның желатині тез және біркелкі жібіп-еруі үшін алдын ала 25—30 минут суға салып қояды.[2]