Жезтырнақ қазақ фольклорында кездесетін мифтік бейне. Жезтырнақ, әдетте, жағымды кейіпкерге қарсы оның қас дұшпаны ретінде сипатталады. Бірақ ол қаншалықты жауыз, айлакер болса да, халықтан шыққан батырлардан жеңіліп қалып отырады. Қазақ фольклорында Ж. бейнесі “Құламерген”, “Жерден шыққан желім батыр”, “Аламан мен Жоламан” сияқты ертектерде, “Алпамыс батыр” эпосында, Ж.Жабаевтың “Өтеген батыр” дастанында, т.б. бар. [1][2]

Жезтырнақ – имек жез мұрынды, үлкен жез тырнақты, сұлу жас әйел кейпіндегі жын-пері тектес мақұлық.  Жезтырнақ - ғаламат зор қара күш иесі. Оның ащы даусы жер жаңғырықтырады. Өзінің айқайымен ол құстар мен ұсақ хайуанаттарды өлтіре береді.

Көрнекті ғалым С.Қасқабасов: «Жезтырнақ туралы хикаялар албасты, жалғыз көзді дәу жайындағы әңгімелерге қарағанда біршама көркемделген, тіпті шежірелік (генеалогиялық) циклге де түсе бастаған, яғни ертегі жанрына ойыса түскен. Зерттеуші П.Т.Әуесбаева «Түркі халықтарының хикаялары» атты ғылыми зерттеуінде «Жезтырнақ персонажы түркі халықтары ішінде қазақтарға ең көп танымал. Қырғыздар «жезтырнақты» сондай-ақ «джез тумшук» деп атайды. Яғни, оның тырнақтары ғана емес, сондай-ақ мұрны да жез не темірден жасалғанының белгісі болып табылады» деген пікірін білдіреді".

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.