Жедел жады
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жедел жады (ағылш. Random Access Memory, RAM) — компьютерлік есептеулерге арналған мәліметтерді белгілі бір уақытқа дейін сақтайтын құрылғы.
Мәліметтер 0 және 1 түрінде жедел жадыға жазылады. Процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып, оларды өндейді. Жедел жадыда тек белгілі бір уақытта болып жатқан компьютерлік процестерге қатысты мәліметтер ғана сақталып тұрады, компьютер сөнген жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жоғалады.
Мысалы, сіз бір компьютерлік ойын ойнап отырсыз деп ойлайық, сол ойынға қатысты мәліметтер (ойынның ішіндегі графикалық суреттер, функциялар, командалар) жедел жадыға жүктеліп, процессорға жіберіледі, процессор оны өңдеп, сонан соң мәлімет монитордың бетіне графикалық мәлімет түрінде жіберіліп отырады. Ал егер кенеттен компьютер сөніп қалған жағдайда жедел жадыдағы мәлімет жойылады, сол себепті сіз ойынды басынан қосуыңызға тура келеді. Сонан соң процесс қайта басталады, жедел жады қатқыл дисктен мәліметтерді алады, ал процессор мәліметтерді жедел жадыдан алып өңдейді. Жедел жады мәліметтерді уақытша сақтау орны болып табылады. Жедел жадысына мәліметтер жазылатын кезде, жедел жады сегменттерге бөлінеді. Жедел жады, жады сегментациясы арқылы мәліметтерді тиімді орналастырып, сақтайды.