From Wikipedia, the free encyclopedia
Жаңғақтар тұқымдасы (Juglandaceae) – қос жарнақты, көп жылдық ағаш, бұта. Негізінен Солтүстік жарты шардың қоңыржай және субтропиктік аймақтарында, аздап Оңтүстік Американың тропиктік және қоңыржай белдеулерінде тараған 7 – 8 туысы, 60-тан астам түрі бар. Қазақстанда 1 туысы, 2 түрі кездеседі. Қазба қалдықтары жоғарғы бор кезеңінен белгілі. Жаңғақтар тұқымдасына жататын ағаштардың биіктігі 20 – 40 м, жапырақтарында көбінесе хош иіс шығаратын бездер орналасқан. Гүлдері ұсақ, желексіз, көбінесе жалпы дара жынысты сырға тәрізді гүлшоғырына топтасады. Жел арқылы тозаңданады. Жемісі – сүйекті жаңғақша. Жаңғақтар тұқымдасының жемісі тамаққа қолданылады. Сүрегінен бағалы жиһаз жасалынады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.