Жас Қанат — Қазақстанның Ақтау қаласындағы футбол стадионы. "Каспий" футбол клубы өз алаңындағы ойындарын өткізеді. Бір мезетте 5000 адам жайғаса алады.
Қайта өңдеуден өткені | 2018 |
Сыйымдылығы | 5000 |
Төсеніш | Жасанды |
Иесі | |
Командасы | Каспий футбол клубы |
Габарит |
Реконструкция
2018 жылы күрделі жөндеуден өтті. Оған 2017 жылы Қазақстанның футбол федерациясының стадионда чемпионат ойындары мен кубок матчтары өтуіне тыйым салулары себеп болды. Себебі, алаңдағы көгал өте сапасыз болатын. Осыдан соң "Каспий" клубы өз алаңындағы ойындарын Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпаов атындағы стадионда өткізіп жүрді. Ал стадионды жөндеу 2018 жылы ғана қолға алынды да[1], алаң сапасы жақсартылып, 2018 жылғы тамыз айында стадион толық дайын болды[2]. Сыйымдылығы 4500 адамнан 5000 адамға дейін көбейтілді.
2018 жылы 11 қыркүйекте ҚФФ стадионда матчтар өткізе беруге ресми түрде рұқсат етті. Бірақ 2019 жылғы тексеруде бәрібір ҚФФ қойған талаптарға толық сай емес екендігі анықталды[3].
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.