Жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жасөспірімдер арасындағы шахматтан әлем чемпионаты – ФИДЕ қамқорлығымен 20 жасқа дейінгі қатысушылар арасында өтетін турнир. Бірінші турнир 1951 жылы Уильм Ритсон-Морридің бастамасымен өтті. 1973 жылға дейін турнир екі жылда бір рет, 1973 жылдан кейін жыл сайын өткізіліп келеді. 1983 жылдан бастап қыздар арасында жеке жарыс өткізіліп келеді.