Жартас
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жартас — үгілу процестеріне төзімді, қатты тау жыныстарынан құралған тау сілемінің жеке-дара тұрған биік тасы.[1]. Көлемі мен ені әртүрлі, жалақ бетті тіп-тік биік тас. Қатты тау жыныстарынан тұрады.
Жартастар әртүрлі тәсілдермен түзіледі. Кейбіреулері құм мен теңіз қабыршықты қабаттарының нығыздалуынан жасалған. Ал кейбіреулері жанартау көмейінен тау жыныстарының сырқа балқып шығуынан пайда болды. Олар суып, қатаяды. Жартастар қызғаннан, жаншылғаннан өзгереді.