Жансүгіров ауылы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Жансүгіров ауылы

ЖансүгіровЖетісу облысы Ақсу ауданындағы ауыл, аудан (1964 жылдан) және Жансүгіров ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Ауыл
Жансүгіров
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Жетісу

Ауданы

Ақсу

Ауылдық округі

Жансүгіров

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°23′51″ с. е. 79°30′03″ ш. б.45.39750° с. е. 79.50083° ш. б. / 45.39750; 79.50083 (G) (O) (Я)

Бұрынғы атаулары

Тасбекет, Абакумовка

Ауыл статусы

2013

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

10 067[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

19

Жансүгіров картада
Жансүгіров
Жансүгіров
Жансүгіров картада
Жансүгіров
Жансүгіров
Close

Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 119 км-дей жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік сілемдерінің бірі — Қайрақты тауының солтүстік-батыс баурайында, Ақсу өзені жағалауындағы бұта шоғырлары аралас бетеге, жусан, селеу, боз, сарсазан өскен қоңыр, сұр қоңыр топырақты қуаң дала белдемінде орналасқан.

Халқы

More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...
Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
8830 8288 10024 120,9 3986 5025 126,1 4302 4999 116,2
Close

Тарихы

Іргесі 19 ғасырдың ортасында қаланды. Алғашында "Тасбекет", кейін Абакумовка селосы аталды. 1930 жылдарының басында мұнда алғашқылардың бірі болып ұжымшар ұйымдасты, кейін ол бірнеше ұсақ шаруашылықпен біріктіріліп "Өндіріс", одан соң Чапаев атындағы ұжымшар атанды. 1963 жылы ол "Қаракемер" кеңшары болып қайта құрылды. 1966 жылдан қазақтың белгілі ақыны Ілияс Жансүгіровтың есімімен аталады. Жансүгіровте қант зауыты, су электр стансасы, автокөлік, құрылыс мекемесі, астық қабылдау пункті, нан зауыты, т.б. ауданы кәсіпорындар мен мекемелер бар. Жансүгіров атындағы АҚ, серіктестіктер мен шаруа қожалықтары жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы

2 орта мектеп, кәсіптік техникалық мектеп, аудандық аурухана, емхана, баспахана, кинотеатр, клуб, сауда орталығы, стадион, мешіт, Жансүгіров музейі, саябақ, т.б. бар. Жансүгіров арқылы АлматыӨскемен автомобиль жолы өтеді.[4]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.