From Wikipedia, the free encyclopedia
Жансүгіров атындағы көше. Көшеге қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, қазақ поэма жанрында жаңа құбылыс тудырыл, жаңа белестерге көтерген ақиық ақын, сталиндік репрессия құрбаны - Ілияс Жансүгіровтің есімі (Алматы қаласы әкімінің 05.05.1993 №198 шешімі) берілген. Жансүгіров Ілияс (1894-1937) Талдықорған облысының (қазіргі Алматы облысы) Ақсу ауылында дүниеге келген. Ол Халық ағарту институтын басқарған, Қазақстан Жазушылар Одағының бірінші хатшысы болған. I.Жансүгіров - «Дала», «Құлагер» поэмаларының, «Махамбет-Исатай» пьесасы мен «Жолдастар» романының авторы. Пушкин, Лермонтов, Демьян Бедный, Уткин, Голодныйдың, түрік жазушысы - Назим Хикмет шығармаларын қазақшаға аударған.
Көше қаланың оңтүстік-шығысынан солтүстік-батысына қарай Райымбек даңғылынан басталып, Боралдай жолына барып жалғасады. Көше Жетісу және Түрксіб аудандарын қиып өтеді. Бұрынғы атауы - Белинский көшесі. Көшенін ұзындығы - 9100 метр.
Жансүгіров көшесінде Республикалық ипподром, «Север» ательесі, т.б. бар.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.