![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/1c/Adonis_vernalis_-_K%25C3%25B6hler%25E2%2580%2593s_Medizinal-Pflanzen-152.jpg/640px-Adonis_vernalis_-_K%25C3%25B6hler%25E2%2580%2593s_Medizinal-Pflanzen-152.jpg&w=640&q=50)
Жанаргүл
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жанаргүл (лат. Adonis) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның шалғында, далалық және таулы жерлерде өсетін 8 түрі бар.
Жанаргүл | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||
|
Ең көп тарағаны – көктем жанаргүлі (A. vernalі) биіктігі 10 – 40 сантиметр 3 – 4 сабағы болады, бұтақтары аз. Жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті. Ашық сары түсті дара гүлі сабағының ұшында жетіледі.
Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен, сондай-ақ, тамырсабағы арқылы да көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – тұқымша.
Көктем Жанаргүлі – дәрілік өсімдік, одан алынатын «Адонизид» препараты және сұйық тұнбасы жүрек ауырғанда, сондай-ақ тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Жылтыр жанаргүл (A. chrysocyathus) – биіктігі 15 – 45 см, өте сирек кездесетін реликт, бағалы дәрілік өсімдік. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Гүлі (жылтыр, сары түсті) әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Тянь-Шаньжанаргүлі (A. tіan»chanіca) – биіктігі 7 – 10 см, өте сирек кездесетін, сабағын түк басқан, дәрілік өсімдік. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. шілдедің бұл үш түрі таралу аймағының жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген[1].[2]