Жалпайма
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жалпайма (лат. Eurygaster integriceps) — жартылай қатты қанаттылар отрядының қалқаншалы бақашықтар тұқымдасына жататын қандаланың бір түрі. Денесі 10-13 мм аралығында. Ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді.
Биологиялық сипаттамасы
Жалпайма | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Eurygaster integriceps
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Eurygaster integriceps Puton, 1881 |
Ересек бунақденелер ормандарда, бау-бақшалада ағаштан күзде түскен жапырақтардың астында қыстайды. Ол үшін егістіктен 50 м қашықтыққа дейін ұшып бара алады. Қыстаудан наурыз-мамыр айларында ауа температурасы 12 °C-қа жеткенде шығады.
Егістікке ұшып орнықаннан кейін 1-2 аптада жұмыртқа басуды бастайды. Жұмыртқаларын масақы дәндерінде, арам шөптерде және күзден қалған құрғақ өсімдік бөліктеріне басады. Әдетте бір қалауда 14 жұмыртқа болады. Бір аналық жалпайма 15 қалауға дейін шығара алады. Эмбриондық даму он тәулікке дейін созылады. Дернәсілдің дамуы 35 күнде бітеді.
Таралуы
Жалпайма түздік зонада, соның ішінде Ресейдің және Украинаның ормандарында, Кавказда, Орталық Азияда кең таралған. Қазақстанда Батыс Казақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстік аудандарында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Казақстан облыстарының тау бөктерінде кездеседі.
Жою шаралары
Қысқа мерзімде егістік өсімдік қалдықтарынан тазартылып, қайырмалы соқамен терең жыртылады, арам шөптен тазартылады, егістікке химикалық препараттар қолданылады.[1][2][3]