Жалағаш (Қызылорда облысы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жалағаш (бұрынғы атауы — Ақсу (1905)) — Қызылорда облысындағы кент, Жалағаш ауданының және Жалағаш кенттік әкімдігі орталығы, темір жол стансасы.
Географиялық орны
Кент | |
Жалағаш | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
ҚазақстанҚазақстан |
Статусы |
аудан орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Кенттік әкімдігі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
45°04′49″ с. е. 64°40′43″ ш. б.45.08028° с. е. 64.67861° ш. б. / 45.08028; 64.67861 (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1906 |
Кент статусы |
1974 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
15 489[1] адам (2023) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
11 |
Ортаққордағы санаты: Жалағаш |
Облыс орталығы Қызылорда қаласынан батысқа қарай 72 км, Сырдария жағалауындағы сарсазан, сорқаңбақ, қарабайыр өскен шалғынды топырақты шөл белдемде орналасқан.
Халқы
1999 жылы тұрғындар саны 14486 адам (7229 ер адам және 7257 әйел адам) болса, 2009 жылы 13479 адамды (6754 ер адам және 6725 әйел адам) құрады.[2]
Тарихы
1905 жылы Ақсу станциясы деп аталған. Іргесі 1906 жылы Ташкент–Орынбор темір жолын салуға байланысты қаланған. Жалағашта “Садуақас” өндірістік кооперативі, “Жалағаш мұнай”, “Жалағаш астық”, “Құнарлылық” акционерлік қоғамдары, “Жалағаш қуаты”, “Мырзабай” серіктестіктері, 6 акционерлік қоғам, 32 шағын серіктестіктер, 11 агроөндірістік кешендер жұмыс істеді.
Инфрақұрылымы
Жалпы білім беретін 6 мектеп, мектепке дейінгі 4 мекеме, музей, кітапхана, мәдениет үйі, стадион, қонақ үйі, 5 спорт залы, 3 аурухана, емхана, санитарлық-дәрігерлік пункт, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Жалағаш маңында Бозтай, Елтай, Дәуімбай, Жалаңаштөбе, Шымқорған сияқты тарихи орындар бар.
Ауыл суреттері
-
Жалағаш
-
Жалағаш
-
Жалағаш
Дереккөздер