Жайра тұқымдасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жайра (Hystrіcіdae) – кеміргіштер отрядының бір тұқымдасы.
Бұлар негізінен Еуразия мен Африканың субтропиктік және тропиктік аймағында тіршілік етеді. Қазақстанда Талас Алатауында, Қаратауда, Маңғыстау түбегіндегі тау жоталары мен бөктерлеріндегі ормандар мен тоғайларда, өзен аңғарларында мекендейді.
6 түрі бар, оның бір түрі – үнді жайрасы (H. іndіca), ол Қазақстандағы ең ірі кеміруші.
- Тұрқы 60 – 90 см, құйрығының ұзындығы 12 – 15 см, салмағы 15 – 27 кг. Оның дене бітімі ерекше – арқасы мен бүйірінде қаптаған ине (шамамен 30 – 35 мыңдай) болады. Жайралар інін тастың қуысына, өзен бойындағы биік жарға салады.
- Інінің тереңдігі 4 м-ге дейін барады. Ол көбіне шөппен, өсімдік, тамыр жеміс, жеміспен қоректенеді. Қоректенуге түнде шығады. Жылына бір рет (2 – 5-ке дейін) балалайды.
- Буаздық мерзімі 60 – 90 күн. Жаңа туған жайралар өте әлсіз, денесіндегі инелері алғашқы тәуліктерде жұмсақ болады. Қолда ұстағанда үнді жайрасы 20 жылдай тіршілік етеді. Үнді жайрасының жылдан-жылға саны азаюда мысалы, Алматы мен Шымкенттегі хайуанаттар саябақтарында 5 жұбы, Қарағандыда 2 жұбы бар (1996).
- Сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.