![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/c/cc/%25D0%2596%25D0%25B0%25D0%25B9%25D0%25BB%25D0%25B0%25D1%2583._1967_%25D0%25B6._%25D2%259A%25D0%25B0%25D1%2581%25D1%2582%25D0%25B5%25D0%25B5%25D0%25B2_%25D3%2598.jpg/640px-%25D0%2596%25D0%25B0%25D0%25B9%25D0%25BB%25D0%25B0%25D1%2583._1967_%25D0%25B6._%25D2%259A%25D0%25B0%25D1%2581%25D1%2582%25D0%25B5%25D0%25B5%25D0%25B2_%25D3%2598.jpg&w=640&q=50)
Жайлау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жайлау – қыстаудан біршама қашық, кей жағдайда мүлде алыстағы шөбі шүйгін, өзен-көлді, суы тұнық, бастау-бұлақты, салқын самалды, шыбын-шіркейі аз, ауыл-ауыл болып қоныс тебуге қолайлы жазғы малжайылымдық жер. Шөбі селдіреп, оты сұйыла бастаған жерден сонысы басылмаған құйқалы қоныс-өрісті жайлауға жайылым қуалай, өріс аудара отырып көшу төрт түліктің қоңын көтеру үшін аса маңызды болған.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/c/cc/%D0%96%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83._1967_%D0%B6._%D2%9A%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%B5%D0%B2_%D3%98.jpg/640px-%D0%96%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%83._1967_%D0%B6._%D2%9A%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%B5%D0%B2_%D3%98.jpg)