From Wikipedia, the free encyclopedia
Жазық тікбұрышты координаттар жүйесі — жазықтықта нүктенін орнын анықтайтын координаттар осіне қатысты сызықтық шама. Топографияда жазық тікбүрышты координаттар жүйесі мына ретпен салынады:
1942 жылғы координаттар жүйесі бойынша солтүстік жарты шарда барлық X абсцисстері оң шама, ал У ординатасы — оң және теріс шама, орбір аймақтағы У ордината шамасы остік меридианымен 500 км/км тең деп кабылданды. Әрбір аймақта вертикаль және горизонталь сызыктарға өзара перпендикуляр тор салынады, олардың алғашкысы X осіне, екіншісі У осіне параллель. Бұл тор тікбүрышты координаттық тор деп аталады. Картада ол шаршылар жүйесін көрсетеді. Оны сондай-ақ километрлік деп атайды, өйткені, сызықтар километрдің тұтастай саны арқылы жүргізіледі. Километрлік тор салынған алты градустық аймақ бөлімдерге бөлінеді. Олар картаның жеке парақтарын көрсетеді. Картаның әрбір парағы барлық, аймақ үшін бірдей, координаттық торлар бөлімдерімен жабылған. Жақтау сыртындағы шетке километрлік тор сызықтарында абсцисс және ордината шамалары жазылады. Жақтау бүрыштарына таяу координат сызықтары толығымен, ал қалғандары қыскартылып (сонғы екі саны) жазылады. Километрлік тор карта бойынша нүктелердін координатын аныктауға және белгілі координаттар бойынша картаға объектілерді салуға, дирекциялық бүрыштарды өлшеуге. сондай-ақ обьектілерді көрсету немесе табу үшін колданылады. Сонымен бірге, тор көз мөлшерімен кашықты және ауданды бағалауға көмектеседі.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.