Жазықтық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жазықтық — геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Геометрияның жүйелі курсын тұжырымдағанда жазықтық ұғымы бастапқы ұғым ретінде алынады, ал оның жанама анықтамасы геометрия аксиомаларында беріледі. Жазықтықтың кейбір сипаттамалық қасиеттері мынадай:
- егер түзудің екі нүктесі жазықтықта жатса, онда түзудің барлық нүктелері сол жазықтықта жатады;
- жазықтық — берілген екі нүктеден бірдей қашықтықтағы нүктелердің жиыны. :азықтық — бірінші реттік алгебралық бет. Ол декарттық координаттар жүйесінде 1-дәрежелі теңдеумен берілуі мүмкін. Жазықтықтың жалпы (толық) теңдеуі былай өрнектеледі: Ax+By+Cz+D=0, мұндағы A, B, C, D — тұрақтылар.[1]
Жазықтық. геологияда: Биіктік көрсеткішінің біркелкілігімен сипатталатын мейілінше ауқымды алқап. Бүкіл Жазықтық өңірінен көрініс беретін барша биіктік көрсеткіштеріндегі айырма кейде жүздеген метрге де жетуі мүмкін.[2]