Еңбекті ғылыми ұйымдастыру
From Wikipedia, the free encyclopedia
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру — өндіріске жүйелі тірде үздіксіз енгізілетін ғылым мен озат тәжірибе жетістіктері негізінде материалдық еңбек ресурстарының тиімді пайдаланылуын, еңбек өнімділігнің үздіксіз артуын, адамның денсаулығын сақтауды, еңбекті бірте-бірте ең бірінші өмірлік қажетке айналдыруды қамтамасыз етеін шаралардың жиынтығы. Еңбекті ғылми ұйымдастырудың негізінде кәсіпорында, оның бөлімшелерінде және жұмыс орындарында жұмыс күші мен еңбек құралдарын мейлінше тиімді пайдалану қамтамасыз етіледі. Еңбекті ғылми ұйымдастыру әрбір кәсіпорында өндіріс мәдениетінің жоғары болуын, ауыр еңбектің жойылуын, кңбек жағдайының мықтап жақсаруын, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық жағынан қолайлы жағдай жасалуын талап етеді.[1]