![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d8/European_Central_Bank_041107.jpg/640px-European_Central_Bank_041107.jpg&w=640&q=50)
Еуропалық орталық банкілер жүйесі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Еуропалық орталық банкілер жүйесі (ЕОБЖ) – орталық банкілердің аймақтық жүйесі. Еуропа қоғамдастығын құру туралы Маастрихт шартының негізінде құрылған. Құрамына Еуропа Орталық Банкі (European Central Bank) және Еуропа Одағына мүше 15 мемлекеттің орталық банкілері кіреді. 1999 жылдың 1 қаңтарынан – бірыңғай еуропалық валютаға көшудің 3-кезеңінде жұмыс істей бастады. Негізгі мақсаты – бағаның тұрақтылығын қолдау, ЕО-ның ортақ экономикалық саясатын жүргізу. Негізгі міндеттері – ЕО-ның ақша-несие және валюта саясатын жүзеге асыру; халықаралық валюталық операциялар жүргізу; мүше-мемлекеттердің ресми шетелдік валютасының сақтық қорын сақтау және басқару; төлем жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдесу. [1]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/d8/European_Central_Bank_041107.jpg/640px-European_Central_Bank_041107.jpg)