From Wikipedia, the free encyclopedia
Есік өзені – Іле алабындағы өзен.
Есік өзені | |
---|---|
Есік өзенінің ортаңғы ағысында Есік көліне құяр тұсы | |
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 96 км |
Су алабы | Іле |
Су ағысы | |
Бастауы | Іле Алатауы мұздықтары |
• Биіктігі | 3950 м |
• Координаттары | 43°08′21″ с. е. 77°23′02″ ш. б.43.13917° с. е. 77.38389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Қапшағай су қоймасы |
• Координаттары | 43°46′12″ с. е. 77°22′11″ ш. б.43.77000° с. е. 77.36972° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары |
Алматы облысы Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары жерімен ағып өтеді.
Бастауын Іле Алатауындағы Корженевский (3950 м биіктікте), Григорьев (3850 м биіктікте) мұздықтарының төменгі етектерінен алып, Қапшағай су қоймасына құяды.
Ұзындығы – 96 км, оның 22 км-дей бөлігі Есік шатқалымен өтеді. Өзеннің ені мен тереңдігі әр бөлігінде әртүрлі болып - ені 3-5 м-ден 7-8 м-ге дейін, тереңдігі 25-30 см-ден 1-1,5 м-ге дейін ауытқиды. Таулы тасқынында ағысының жылдамдығы 3 м/сек болса, төменгі ағысы мен өзеннің аяғында 0,06 м/сек-қа дейін азаяды. Ағыс жылдамдығы маусымдық өзгеріске байланысты өзгеріп отырады - көктемде су деңгейі көтерілгенде ағыс жылдамдығы артады, ең қатты ағыс маусым-шілде айларында байқалады, қазан-қараша айларында азайып, қыс кезінде минимумға жетеді.
Өзеннің бойлығы тамыз айының физика-гидрологиялық факторлары бойынша жеті зонаға бөлінген:
Өзеннің мореналық аймағында оң жағынан Көкбұлақ өзені, жоғарғы, ортаңғы ағыстарында оң және сол жағынан бірнеше өзен тармақтары қосылады. Өзен ортаңғы ағысында 1759 м биіктікте Есік көлін кесіп өтеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.