From Wikipedia, the free encyclopedia
Есту сүйекшелері (слуховые косточки); (ossicula auditus; лат. ossicula — сүйекшелер және auditus — есіту) — ортаңғы құлақтың дабылдық сүйек қуысында орналасып, бір-бірімен буын және бұлшықеттер арқылы қозғалмалы байланысқан сүйекшелер. Оларға балғаша, төс, жасымықша және үзеңгіше сүйекшелер жатады.
Балғаша сүйекше: бас, мойын және тұтқадан тұрады. Оның басы төс сүйекшемен буынды байланысады, ал тұтқасы дабыл жарғағымен жалғасады. Төс сүйекше: денеден, ұзын және қысқа аяқшалардан құралған.. Оның денесі балғашаның басымен қозғалмалы байланысады. Төс сүйекшенің қысқа аяқшасы дабыл қуысының қабырғасына байламмен бекітеді. Ал ұзын аяқша үзеңшеге сүйекше буын арқылы жалғасады. Буын аралығында кішкентай жасымықша сүйекше орналасады. Үзеңгіше сүйектің басы және табаны болады. Оның басы төс сүйекшемен буын арқылы байланысады. Ал табаны ішкі құлақтың кіреберісіндегі терезені жауып тұрған ішкі дабыл жарғағымен жалғасады.Есту сүйекшелері сыртқы дабыл жарғағының қолғалыстарын ішкі құлақ кіреберісіндегі ішкі дабыл жарғағына жеткізеді.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.