Ел тізімі (бала өлімі бойынша)
тізім мақала / From Wikipedia, the free encyclopedia
Бала өлімінің коэфиценті — 1000 тірі туған балаға шаққандағы бір жасқа дейінгі балалардың өлімі. Бұл көрсеткіш кейде елдің даму деңгейін және денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейін анықтау үшін қолданылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша Жердегі бала өлімінің орташа көрсеткіші — 49,4, ал CIA World Factbook бағалауы бойынша — 44,13 (2010 жыл). Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша Жердегі бес жасқа дейінгі бала өлімінің орташа көрсеткіші — 73,7.