Египтозавр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Египтозавр «Египет кесірткесі» дегенді білдіреді. Бұл атауды 1932 жылы Стромер атты палеонтолог берген. Динозаврдың омыртқасы мен аяқтарының тас болып қалған кейбір сүйек қалдықтары ғана табылған. Египтозавр осыдан 95 миллион жыл бұрын, яғни орта жіне кейінгі Бор дәуірінде Африка құрлығын мекендеген. Төрт аяқты қоректенетін алпауыт зауроподтың сүйектері Египет, Нигер секілді елдер мен Сахара шөліндегі бірнеше аймақтан қазылып алынды. Сүйектері Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияның Мюнхен қаласында сақталды. Алайда 1944 жылы қала қирап, мұражайдағы барлық жәдігерлер қирандылардың астында қалды. Соғысқа дейінгі зерттеулерден білгеніміздей, динозаврдың салмағы — шамамен 10,5 тоннаны, ұзындығы 15 метрді құрап, биіктігі 5 метрден артық болған.
Қызықты дерек
- Египтозавр—ұзын құйрықты басы кішкентай, шөпқоректі алып динозавр.
- Динозаврдың тасқа айналған қаңқалары осыдан 50 жыл бұрын жойылып кеткен.
Мәліметтер
- Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер
- Салмағы : 10,5 тонна
- Тұқымдас : Титанозавр
- Отряд тармағы : Зауоподоморф[1]
Дереккөздер
- Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы