From Wikipedia, the free encyclopedia
Авдо́тья (Евдоки́я) Ильи́нична Исто́мина (1799 ж. 17 қаңтар—1848 ж. 26 маусым) — Санкт-Петербургтық балеттің атақты бишісі.
Театр училищесінде Пушкиннің «Евгений Онегинінде» аты аталатын Шарль-Луи Дидлоның шəкірті болды. Истомина ең үлкен жетістіктерге «Зефир жəне Флора», «Африкандық арыстан» (орыс. «Африканский лев») (1818), «Бағдаттық халиф», «Евтимий мен Евхарис», «Роланд пен Морган», «Лиза мен Колен» (1820), «Лелия Нарбон» секілді балеттерде ойнаған рөлдері арқылы жетті. [1]
Истомина кейде əңгіме айтушы ретінде сықақтарда да қатысып жүрді. Өзінің таланты мен сұлулығының арқасында Истомина əрдайым табынушыларының ортасында жүретін. Жастардың арасында оның жүрегін жаулап алу үшін бірнеше рет жекпе-жектер өткізіліп, кейбіреулері қайғылы түрде аяқталып жатты.
1840 жылдары балеттен кеткеннен кейін Истомина драма театрының актері П. С. Экунинға тұрмысқа шықты. 1848 жылы Евдокия тырысқақ ауруынан көз жұмды, Үлкен Охта зиратында жерленген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.