![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/a/a7/%25D0%259E%25D1%2581%25D0%25BF%25D0%25B0%25D0%25BD%25D0%25BE%25D0%25B2%252C_%25D0%2594%25D0%25B0%25D1%2583%25D0%25BB%25D0%25B5%25D1%2582_%25D0%25A0%25D1%258B%25D1%2581%25D0%25BA%25D1%2583%25D0%25BB%25D0%25B1%25D0%25B5%25D0%25BA%25D0%25BE%25D0%25B2%25D0%25B8%25D1%2587.jpg/640px-%25D0%259E%25D1%2581%25D0%25BF%25D0%25B0%25D0%25BD%25D0%25BE%25D0%25B2%252C_%25D0%2594%25D0%25B0%25D1%2583%25D0%25BB%25D0%25B5%25D1%2582_%25D0%25A0%25D1%258B%25D1%2581%25D0%25BA%25D1%2583%25D0%25BB%25D0%25B1%25D0%25B5%25D0%25BA%25D0%25BE%25D0%25B2%25D0%25B8%25D1%2587.jpg&w=640&q=50)
Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов (24 қараша 1970, Түркістан облысы, Төле би ауданы, Первомай ауылы) — қазақ, генерал-майор (05.05.2011).
Дәулет Рысқұлбекұлы Оспанов | ||||||||||||||
![]() | ||||||||||||||
Лауазымы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||
13 ақпан 2013 — 15 қазан 2015 | ||||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||||||||||
Ізашары | Әділбек Алдабергенов | |||||||||||||
Ізбасары | Алмаз Жұмакеев | |||||||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||||||
Білімі | Рязан жоғары әуе-десанттық командалық училище Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы | |||||||||||||
Дүниеге келуі | 24 қараша 1970 (1970-11-24) (53 жас) Первомайка ауылы, Леңгір ауданы, Шымкент облысы, Қазақ КСР | |||||||||||||
Әскери қызметі | ||||||||||||||
Қызмет еткен жылдары | 1988 жылдан бастап | |||||||||||||
Әскер түрі | Әуе-десант әскер | |||||||||||||
Атағы | ![]() | |||||||||||||
Басқарды | 36-ші жеке десанттық-шабуылдаушы бригадасы | |||||||||||||
Марапаттары |
| |||||||||||||
өңдеу ![]() |
Орта мектептен кейін Рязань жоғары әскери командалық байланыс училищесін (1992),
ҚР ҚК Әскери академиясын бітірген (2000).
Рязан ЖӘКБУ тыңдаушысы (1988-92),
Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы байланыс ротасы байланыс взводының командирі, десанттық-шабуыл батальоны взвод командирі - байланыс бастығы, штабтық рота командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, жеке десанттық-шабуыл батальонының командирі (1992—98),
ҚР ҚК Әскери академиясының тыңдаушысы, Жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бойынша бастығының (тыл ұйымдастыру-жоспарлау жұмысы бойынша) орынбасары, бригада командирінің тыл бойынша орынбасары - жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы тыл бастығы, Жеке десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары - штаб бастығы, бригада командирі (1998-2008),
ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының орынбасары, қолбасшының әскери дайындық жөніндегі орынбасары - қолбасшы басқармасының жауынгерлік дайындық Басқармасының бастығы (2008-10),
2010 жылы сәуірінеи ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Аэроұтқыр әскерлері штабының бастығы.
2022 жылғы 9 маусымда "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.[1]
2-дәрежелі «Айбын» орденімен (2010), медальдармен марапатталған.[2]