Дәрілік жалбызтікен
From Wikipedia, the free encyclopedia
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дәрілік жалбызтікен (Althaea officinalis) — құлқайырлар тұқымдасына жататын көпжылдық шөп өсімдігі.
Дәрілік жалбызтікен | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||
| ||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||
Althaea officinalis Карл Линней |
Оңтүстіктің өзен жағалары мен ылғалды шабындықтарында және бұрынғы КСРО-ның орта алқабында жабайы өсетін өсімдік. Аптекалық жалбызтікен ылғалды және фосфорлы жерді жақсы көреді. Мұның жанама тамырлары кептіріледі де, олар дәрілікке жұмсалады (негізгі тамырлары жарамайды).[1]
Жалбызтікен – биіктігі 60-150 см – ге жететін көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдіктің сыртын қалың түк басқаннан кейін оның түсі сұрғылт жасыл болады. Тамыр сабағы өте жуан,бірақ қысқа ,ал одан өте қуатты білеу тамыры өседі. Тамыры етжінді ақшыл түсті, цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан –өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі. Сындырылған бөліктің ортасы түйіршікті – бұдырлы, сырты талшықты,тамырдың сырты мен сындырылған бөлігінің түсі ақ, сарғыш ақ. Өзіндік әлсіз иісі бар. Дәмі тәттілеу.
Дәрілік өсімдік шикізаты- дәрілік жалбызтікен тамыры. Дәрілік жалбызтікен тамыры - цилиндрге ұқсас тығынынан тазартылған тамыр немесе 2-4 бөлікке тармақталған ұшына қарай аздап жіңішкерген ұзындығы 10-35 см, ені 2 см. Тамырдың сыртқы қабаты көлденең қабыршақталған ұзын, жұмсақ қабық талшықтарынан тұрады және қара дақтардан – өздігінен үзіліп қалған немесе кесіп алынған жіңішке тамырлардың ізі.
Шикізатта 10 %-жуық пентозан, гексозан (арабинан, глюкан, рамногалактуран) қоспасы болып табылатын шырыш бар, дәл сондай жуық мөлшерде пектин заттары до 37% дейін крахмал, 10% дейін сахарозалар, 1,5-2% тоң май, бетаин заттары болады.
Көлденең кесіндіде тамырға лайықты жұқа қабықты паренхимді талшықтың басымдығы көрініп тұр. Қабықта көптеген тангенталді созылған қабықты луб талшықтар тобы бар, одан басқа ұсақ талшықтар тобы ағашқа шашырап орналасқан. Қалыңдығы 10-35 мкм талшықтар жұқа ағаштанбаған қабырғаларымен және үлкен жарық құысымен сипатталады. Ортанғы сәулелер бір, сирек екі қатармен орналасқан, ал трахеидтер мен түтіктер шағын топшалар күйінде кездеседі.Паренхимада көптеген шырышы бар үлкен жасушалар көрінеді, олар қабықта және ағашта орналасқан. Шырыш суда ериді және жасушалар түссіз реңкке енеді де , жасушалар бос болып көрінеді. Паренхима жасушалары крахмал дәндерімен толтырылған, кей жерлерде кальций оксалатының ұсақ друздары да көрінеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.