Дәнекер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дәнекер - бір тұтас дәнекерленген жік қалыптастыру үшін қосылатын беттердің саңлауларын дәнекерлеп толтыруға қолданылатын қосымша металл немесе қорытпа. Дәнекердің қосылатын металдарға қарағанда балқу температуралары тым төмен. Балқу температуралары 673°К-ге дейін болатын қорғасынға, қалайыға, кадмийға негізделген жұмсақ және балқу температуралары 823°К-ден жоғары негізінен мысқа, күміске, никельге, мырышқа негізделген беріктері жоғары қатты дәнекерлер болып бөлінеді.
- 1) балқу температурасы дәнекерленетін материалдардың балқу температурасынан төмен қолайлылау жөне дәнекерлеуге арналған материал[1];
- 2) дәнекерлеуде қосылыс жігін қалыптастыратын қосымша металл. Дәнекерлердің балқу температурасы негізгі металдың балқу температурасынан елеулі төмен жөне балқытылған күйінде ағымдалу қабілеті жоғары болады.[2]