From Wikipedia, the free encyclopedia
Дәлел - тұлғаның әрекетінің, өзін-өзі ұстауының мазмұнын, бағытын және сипатын анықтайтын тұрақты себептердің, түрткі болатын жайттардың барлық жиынтығы.[1]
Жетістіктер дәлелі - себептің, тұлғаның қолда бар барлық құралдардың көмегімен қажет нәтижеге жетумен байланысты түрі. Жетістіктер дәлелі негізгі типтері 3-тен 13 жасқа дейін ата-аналардың, әсіресе ананың және т.б баланы қоршаған адамдардың ықпалымен қалыптасады. Жетістіктер дәлелі үлгерімі жақсы оқушылардың, әсіресе қиындықтар кезіндегі өзін-өзі ұстауларына әсер етеді.[1]
Дәлел - мотивировка, көркем негіздеу. Әуезов көркем негіздеуге өнердегі шынайылықтық бір шарты ретінде қарап, еңбектерінде пайдалы ой-пікір айтқан. «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты зерттеуінде ол ғашықтық жырларының батырлық эпостан ерекшеліктерін саралай келіп, «үшінші айырмасы оларда образдар реалистік түрде сипатталады. Егер батырлық жырларда батыр бес жасқа келгенде-ақ ерлік жасап жатса, оның образы шындықтан шалғай, шартты түрде алынса, ал ғашықтық жырларының кейіпкерлері өздеріне хас қасиеттерімен керінеді» дейді де, мұның себебін «ғашықтық жырларда дастанның оқиғалары мен кейіпкердің іс-ерекеттері психологиялық жағынан нанымды да терең мотивировка табады» деп түсіндіреді. Мұхаң ғашықтық жырлардағы мотивировка мығымдығына сүйсініп, оларды жазба поэзия өкілдеріне де үлгі еткен. «Манас» туралы орыс тілінде жазған зерттеуінде ол жырдағы сан-сала оқиғалардың негізгі тақырыппен тығыз байланыстылығын, олардың өрістеуі мен кейіпкерлер іс-әрекетінің терең, нанымды дәлел-мотивировкаға негізделгенін мысалмен дәлелдейді. Бұған дейін екі әйелі бар Манастың Қаныкей сұлуға үйленуінің дәлел-мотивировкасының күшті негізделгеніне назар аударады. «Міне, осылай әкенің ұлы үшін қалыңдық таңдауы оқиғаның әрі қарай табиғи өрістеуі ретінде ұғынылады», дәлелдеудің суреттелген оқиғапар мен іс-әрекеттер үшін ғана емес, алда болатын жағдаяттар мен қимылдар үшін де маңыздылығын пайымдайды. Ал орыс тілінде жазылған «Орыс реализмінің дәстүрлері және рево-люцияға дейінгі қазақ әдебиеті» (1949) атты проблемалық мақаласының соңғы жағында кеңес әдебиетінің даму бағдарына тоқтала келе, «біздің туындыларымызда жиі кездесетін кемшіліктердің бірі - кейіпкер іс-әрекетінің ішкі психологиялық дәлелдемесін берудің орнына, біз әсерсіз, тіпті кейде бос мылжың диалогтарға үйір болғанымызға» байланысты туындаған үлкен олқылықтың себебін керсетіп, көркем дәлелдеусіз шеберлікке, шынайылыққа жетудің мүмкін еместігін ескерткен.[2]
Дәлелдеме - адамның саналы түрде өзінің әрекеттерінің себебін түсіндірулері. Дәлелдеме шынайы себеп пен, әсіресе, адамның жағымсыз қылық жасап, бірақ коршаған ортаның сыйласымдылығын жоғалтқысы келмегенде, жанаса бермеуі мүмкін. Пайымдау мен дәлелдің ақиқат екендігін дәлелдеу үшін келтіріледі. Дәлелдеменің негізі ретінде қызмет ететін аргументтердің(логикалық дәлелдер) жиынтығы.[1][3]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.