![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2b/Illustration_Koeleria_pyramidata0.jpg/640px-Illustration_Koeleria_pyramidata0.jpg&w=640&q=50)
Дұғаш
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дұғаш, келерия (лат. Koeleria) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда шабындық жерлер мен құмды төбелердің беткейлерінде өсетін 8 түрі бар. Оның ішінде өте сирек кездесетін реликт өсімдік — қатты жапырақты дұғаш (К. sclerophylla). Биікт. 50 см-дей. Сүректеніп кеткен жуан тамырынан бірнеше сабақтар өсіп шығады. Ұзын жапырақтары жалаң, шашақ гүлшоғыры қысыңқы, цилиндр тәрізді, көлемді келеді (ұзындығы 10 см-дей). Тұқымынан көбейеді. Мамыр — маусым айларында гүлдейді. Қатты жапырақты Дұғаш қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Дұғаштың кейбір түрлері — құнарлы мал азығы.
Quick Facts Дұғаш, Ғылыми топтастыруы ...
Дұғаш | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Koeleria pyramidata
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||
35 түрі белгілі |
Close