Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (ағылш. World Wildlife Fund, қысқ. WWF) — ресми түрде тек АҚШ пен Канада ескі атауын сақтап, қазір World Wide Fund for Nature ретінде белгілі халықаралық үкіметтік емес ұйым. Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры - 1961 жылы құрылған жабайы табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, сақтау және қалпына келтіру саласында жұмыс істейтін Халықаралық үкіметтік емес ұйым. Ол дүниежүзінде 5 миллионнан астам жақтаушысы бар, әлемнің 100-ден астам елінде жұмыс істейтін[1], жер бетіндегі 3000[2]-ға жуық табиғатты қорғау және сақтау жобаларын қолдап келе жатқан әлемдегі табиғатты қорғау саласында жұмыс істейтін ең ірі тәуелсіз ұйым болып табылады.
Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры | |
![]() | |
Мүшелік: |
5 млн-нан астам мүшесі бар (әлем бойынша) |
---|---|
Құрылуы | |
wwf.ru | |
Швейцария:,Гланд, | |
![]() |
WWF миссиясы - Жердегі табиғи қоршаған ортаның деградациясын тоқтату және биологиялық әралуандылықтың сақталуын қамтамасыз етіп, адам және табиғат арасындағы үйлесімге қол жеткізу. Сондай-ақ, жаңартылатын табиғи ресурстардың қолданысын қадағалау, әрі қоршаған ортаның ластануы мен тұтыныс ысырапшылдығының деңгейін азайту - ұйымның алдына қойған негізгі мақсаттарына жатады.[3]
Штаб квартира: Rue Mauverney 28, Gland, Vaud, Швейцария.[4]