Александр Дюма (фр. Alexandre Dumas, père; 24 шілде 1802, Виллер-Котре — 5 желтоқсан 1870, Пюи) - қызықты романдары арқылы бүкіл әлемге танылған француз жазушысы. Ол романтикалық пьесалар мен көптеген тарихи романдар жазған. Сонымен қатар драматург , әрі журналист болған. Өз ұлының да есімі Александр және ол да жазушы болғандықтан , түсініспеушіліктің алдын алу мақсатымен бұл жазушы туралы айтылғанда "-әкесі" атауы қосылады.
- Мазмұны
- Биография
- Шығармашылығы
- Авторластары
- Шығармалары
- Туындыларының экрандалуы
- Қызықты деректер
- Ескертпe
19 ғасырдың 50-жылдары бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған. М. Әуезовтің айтуынша Дюманың «Үш ноян», «Жиырма жыл өткен соң», «Патша қатын Марго», «Генрих Наварский» туралы трилогиясы Абайға да таныс болған. Абай оқыған бұл кітаптар ақынның Семейдегі әдеби-мемориалы музейінде сақтаулы.[1]
Александр Дюма ( әкесі ) | |
Alexandre Dumas | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Виллер-Котре (Эна департаменті, Франция) |
Қайтыс болған күні |
5 желтоқсан 1870 (68 жас) |
Қайтыс болған жері |
Пюи, Сен-Маритим, Франция |
Азаматтығы | |
Мансабы |
романист |
Шығармашылық жылдары |
1825—1867 |
Бағыты | |
Жанры |
тарихи роман |
Шығармалардың тілі | |
Қолтаңбасы | |
Ортаққордағы санаты: Александр Дюма ( әкесі ) |
Дюманың пьесасы комиссар Комеди Францез барон Тейлорға ұнады, оның көмегімен Дюма пьесаны толықтырады деген шартпен қабылдады. Алайда үйреншікті классикаға көнген, драманың қойылымына күшті мадмуазель Марс қарсы болған. Жас автор оның пьессасына түзетулер енгізуге бас тартқанда, мадмуазель Марс «Кристинаны» Комеди Франсез сахнасына көрсетпеуі үшін бәрін жасады. Дюма анасын және заңсыз некеден туған ұлын Александр асырау үшін, жаңа тақырыппен пьеса жазады. «Генрих ІІІ және оның ауласы» драммасы 2 айда шығарылды. Комеди Францез актерлері пьесаны оқығаннан кейін, Мелани Вальдор салонында оны кезектен тыс қабылдауды сұрады. Алғашқы қойылым 1829 жылдың 10 ақпанында сәтті өтті және романтиктердің жеңісі болды, әзірге дейін театрда классицизмнің ығы деп саналады. Дюма әйгілі Арсеналдағы Нодье салонында әрдайым баратын болды, онда жаңа романтизм мектебінің өкілдерді жиналған. Оның «Антони» пьессасы өз өміріндегі жағдайларына байланысты болды, Дюма поэтесса Мелани Вольдорға ғашық болып, оны Адель д’Эрве образында шығарған. Драманың прьемерасы 1931жылдың 3 мамырында Порт-сен-Мортен театрында, Дорвал және Бокажбен басты рөльдерде , «Эрнани» прьемерасындай шу шығарды. Дюманың пьесасы көркем жетілген пьессалардан айырмашылығы болған жоқ, бірақ ол бірінші актіден соңғы актіге дейін көрерменнің көңілін ұстай білді және шымылдық артынан сөздерімен көңіл тарта білді. Жарнамаларда оның аты театр директорларына табысқа келу, ал драмматургтарға ең жайсыз пьессаларын табысқа келтіруге арқылы авторлас болды. 1830 жылы Францияда Шілделік революция болып, Карла Х тайдырып буржуазиялық патшалық бекітті. Тақ Орлеан герцогы Луи-Филип астында келді. Александр Дюма патша сарайын басып кірген көтерілісшіер арасында болды. Ол өзінің «ғұмырнамаларында» былай жазған: Мен 1830 жылы револияны жасаған адамдарды жасаған және олар мені өзінің қатарында көргенін көрді. Революцияның бірінші күндерінен бастап қоғамдық өмірге алғыр қатысуды бастады және ұлттық ұланның басында тұрған генерал Лафайеттің бірнеше маңызды тапсырмаларын орындады. 1832 жылдың 5 маусымында Парижде генерал Ламаркты жерледі.Дюма онымен таныс болғандықтан , сондықтан ол марқұм генералдың туған-туыстарының азалы катафлкіның ер-артилерияның сабын басқарды. Полиция тез арада бәрін тарқата бастады, бірақ олар күтпеген жағдай болды:азалы салтанат революциялық көтерілістің бастам түбі болды. Бірнеше күннен кейін көтеріліс қатал басылды. Роялдық газеттердің біріАлександр Дюманың қолында қарумен полицейлерге ұсталып және сол түні ату жазасына келтірілгені туралы жалған баспа шығарыпты. Шынында олай болған жоқ, бірақ Дюмаға тұтқын қауіпінде болды. Достарының ақылымен ол Франциядан кетіп, Швецарияда бірнеше ай бойы «Галлия және Франция» атты тарихи-публицистік очеркін дайындаған. 1840 жылы ол актриса Ида Ферерге үйленді, бірақ сыртта басқа әйелдермен байланыстарын жалғастырды. 1844 жылы ерлі-зайыптылар ажырасады, бірақ ресми түрде болған жоқ. Дюманың табысы көп болды, бірақ ол табысын өмірдің жақсы бейнесіне жұмсады. Журналдар шығарып және өзінің театрын ашты, оған қарамастан сәтсіздікке ұшырады. 1851 жылы көтерілістен кейін Бельгияга несиешілдерден қашты, онда көркем абзалдығы мен беллеристикалық шығармалардан кем болмайтын «ғұмырнамаларын» жаза бастады.
Екі жыл Ресейде (1858-1859) болды, Петербургті көріп, Карелиидің көрікті орындарын, Ваалам аралын, Угличті, Мәскеуді, Царицын, Астрахань, Кавказ елдерінде. Ресейде болған сапары туралы Дюма «Ресейдегі сапардан әсерім» атты кітап жазды. Үш жыл бойы бірлескен Италияға күреске қатысты. Франция-Пруссия соғысында Францияның жеңілуі туралы хабарды Дюма өзінің қасіреті деп түсінді. Тез арада Дюмаға соққы берді. Жартылай семіп қалған ол ұлының үйіне жетіп үлгерді, сол жерде бірнеше айлардан кейін қайтыс болды. 2002 жылы дюманың мүрдесі Париждегі пантеонға ауыстырылды. Оның туындылары көп тілдерге аударылып және театрлық қойылымдар мен кинофильмдерге материал болып қызмет етті.
Қызықты деректер
- Александр Дюма Дави де ля Пайетри 1802 жылы 24 шілде күні Париж маңындағы Вилле-Котре қаласында дүниеге келген. Оның әкесiнiң аты да – Александр Дюма. Әкесі Наполеонның досы әрі Наполеон әскерiнiң генералы болған. Анасы Мария-Луиза Лабуре қарапайым тракторшының қызы болса, әжесі қара нәсілді күң әйелдердің бірі болған.
- Төрт жасында әкесінен айырылған Дюма жоқшылықтың азабын көп тартады. Жергiлiктi мектепте бiрнеше жыл оқығаннан кейiн нотариуста қызметшi болып жұмыс iстейдi. 20 жасында Парижге келiп, әкесiнiң таныстары арқылы герцог Орлеанскийдiң кеңсесiне жай қызметкер болып қызметке орналасады. Жұмыс арасында бас көтермей кiтап оқиды, театрларға барады, жазумен айналысады.
- Оның ең алғашқы новеллалар жинағы 1825 жылы шығады.
- Александр Дюма өз өмірінде өте көп еңбектенген жазушылардың қатарына жатады. Қаламгер шығармашылыққа күніне 14-18 сағат уақыт бөлген. Осынша көп еңбектің арқасында ол артына 500 томдай еңбегiн қалдырған.
- Дюма бос уақытында тамақ жасағанды ұнатқан. 1865 жылы «Үлкен аспаздық сөздік» деген кітап жазады. Бұл жазушының соңғы еңбегі. Кітапта 800-ден астам тағам түрлері бар. Жазушының досы Октав Лакура: «Дюма тамақ жасайтын кезде ғана жұмыс бөлмесінен шығатын. Ол қалам мен қазанның қақпағын ұстауға жаралған», – деген екен.
- Кәуапты Францияға ең алғаш алып келген адам - жазушы Дюманың дәл өзі саналады. Ол сол жерде ең алғашқы кәуап орталығын ашқан. Одан кейін Кавказда жүріп үйренген ет қуыру әдісін Еуропаға үлгі еткен екен.
- Дюма өз үйінде ит, мысық, түрлі құстар, тауықтар, тіпті, маймылға дейін ұстаған.
- Дюманың бес некесiз баласы болады. Олардың бiрi – 1824 жылы туған жазушы Александр Дюма (кіші) болатын.
- 1980-90 жылдардың соңында Ресейде Дюманың кітаптары 4 миллионнан астам таралыммен жарық көреді.
- Мұхтар Әуезовтің айтуынша Дюманың «Үш ноян», «Жиырма жыл өткен соң», «Патша қатын Марго», «Генрих Наварский» туралы трилогиясы Абайға да таныс болған. Абай оқыған бұл кітаптар ақынның Семейдегі әдеби-мемориалы музейінде сақтаулы көрінеді.
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.