From Wikipedia, the free encyclopedia
Дхамек ступасы - Үндістанның Уттар-Прадеш ауданындағы киелі Варанаси қаласынан 13 шақырым қашықтықта, Сарнатхта орналасқан үлкен ступа.
Басқа да біраз ескерткіштер сияқты Дхамек ступасы да Будданың рухани кемелдену сапарын белгілеп, мәңгі есте қалдыру үшін салынған. Б.з.д. 249 жылы император Ашока Будданың өртенген сүйектерінің қалдығы мен Будда жәдігерлерін сақтау мақсатында ступа салдырады. Бұл құрылыстан бүгінде тек қалдықтар ғана қалған. Ап қазіргі Дхамек ступасы б.з. 500 жылы тұрғызылды.
Дхамектің биіктігі - 43,6 м, диаметрі - 28 м. Қабырғасы тастан дөңгелене қаланған, төбесі де дөңгеленіп келген. Император Ашока салдырған бағанда бұйрықтар ойылып жазылған. Ол ступаға жақын жерде орналасқан. Осы жерде Будда алғашқы бес шәкіртіне уағыз жүргізіп, адамның кемелдікке жету жолдарын жариялаған.
Ступа түрлі жағдайларға байланыста алты рет кеңейтіліп, жөндеуден өткен. Соның өзінде ступаның ең жоғарғы бөлігі толығымен аяқталмай қалған. Дхамек ступасының пішіні цилиндр тәрізді, төбесі доғал болып келген. Қолдан жасалған кереметтерден бөлек Сарнатхта бұғылар өсірілетін әдемі саябақ бар.
Ступаның төменгі бөлігіндегі тастарда Гупта дәуірінің өрнектері болып есептелетін нәзік гүлдер асқан ұқыптылықпен ойылып бейнеленген. Б.з. 640 жылы Қытай монахы Сюаньцзан Сарнатхқа сапармен барады. Осы сапары жайындағы жазбаларында ол «бұл ступада 1500 монах өмір сүреді» деп көрсеткен. Ступаның қабырғасында құстар мен адамдардың бейнесі асқан шеберлікпен ойылып салынғаң сонымен қатар брахми жазуларын да байқауға болады.[1]
Таста жазылған ступа тарихы
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.