Дуротригтер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дуротригтер — Британия аумағын мекендеген ежелгі кельт тайпасы. Дуротригтер қазіргі Дорсет, оңтүстік Сомерсет пен Уилтшир, сонымен қатар шығыс Девонды мекендеген. Рим басқыншылығынан кейінгі негізгі қалалары астанасы болып табылған Дурноварий (қазіргі Дорчестер) қаласы мен Линдинис (қазіргі Илчестер[1]) болған. Дуротригтер иелігі батыста Думнонилермен, ал шығыста—Белгтер жерімен шектескен.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/59/Celtic_gold_stater_Durotriges_tribe.jpg/320px-Celtic_gold_stater_Durotriges_tribe.jpg)
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/89/England_Celtic_tribes_-_South.png/320px-England_Celtic_tribes_-_South.png)
Дуротригтер ұсақ тайпалар конфедерациясынан үлкен болған.[2] Римдіктер келерге дейін де олар монеталар соғып, ірі қалалар маңайында егіншілікпен айналысқан.
Дуротригтердің өмір сүрген жерлері олардың соққан монеталарының көмегімен анықталған:[3] бірнешеуі Эйвон өзені мен оның Вайлиге құяр жерлерінде табылды[4]. Негізгі сауда-саттық жолдары б.з.д. Ла-Манш арқылы өткен.
Дуротригтерге ридіктер б.з. 43 жылы басып кіреді, Светоний өзінің «Жиырма патшаның ғұмыры» шығармасында Веспасиан бастаған II Август легионы мен дуротригтер арасында болған шайқас туралы айтып өтеді. 70 жылдары тайпа романизацияланып, Римдік Британия құрамына кірді. Бұл аймақта римдіктер карьерлерді игеру мен керамика дайындаумен айналысты.