ат үстінде көкпарға таласып, үймеленген көкпаршылар тобы, көкпар тартысы From Wikipedia, the free encyclopedia
Дода— ат үстінде көкпарға таласып, үймеленген көкпаршылар тобы, көкпар тартысы.
Дода – көкпарға салынған серкені тартып алып тақымға басу үшін көкпаршылардың тартысқа түсуі. Серкенің Д.-ға түсуі көкпар ойынының шарықтау шегі болып табылады. Д. кезінде жүйелі жəне тұрақты тəртіп сақталмайды. Д. көкпар тартудың бір түріне жатады. Өйткені, көкпар жаппай тартыс жəне дода тартыс болып екі түрге бөлінеді. Жаппай тартыста əркім серкеге өзі ие болуға күш салады. Ал дода тартыста бірдей бөлінген екі топ күш сынасады. Жікке бөлінген топтар тұтас сайысқа түседі. Кейде жерде мұны марта тарту деп те атайды. Д.-ға түсу үшін сайыс алаңы белгіленеді. Қарсы жақтар Д.-ға өздерінің белді атқа мінген мықты азаматтарын салады. Ердің қайраты, аттың қабырғалысы осы Д. үстінде айқындалады. Мұндайда оза шауып, есе бермеген ерге, топты жарып өткен атқа мадақ айтылып, ел аузында қалған. Д.-ға кірген көкпаршыны додаға түсті, ал көкпарға тартылған серкені додаға салды дейді. Көкпарға тартылатын серке алдын ала дайындалады, жеңіл əрі мықты болуы үшін ішек-қарнын алып, тұзды суға салып қояды, терісін қайта тігеді. Егер ойын кезінде тері шыдамай жыртылса, оны біреудің есігінің алдына немесе үйдің уығының үстіне қарай лақтырып тастайды. Д. тартыста жеңіске жеткен көкпаршылар көкпарын көбінесе ру ақсақалдарының, балаға зар боп жүрген үйдің алдына əкеліп тастап, «көгерт, көгерт, көгерт!» деп айғайлайтын болған. Балалы үйге бағы жанып, үбірлі-шүбірлі болсын, баласы жоққа маңдайы кере қарыс ұл берсін деп тілек айтқан. Үй иесі шабандоздың жолы деп үстіне шапан жауып, бір тартар ақ орамал ұсынған. Көкпар тиген үй көптің тақымынан шыққан ет, жанға – дəру, тəнге – шипа болады деп ырым етіп, серке етін қалдырмай түгел асып, бөлісіп жеген.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.