From Wikipedia, the free encyclopedia
Дистрофтық көл (гр. dis - бұзылуды, жоғалтуды білдіретін қосымша және trophe — тамақ, тағам) — организмдерге керекті оттек пен қоректік заттары аз терең емес суқойма. Суының минералдығы аз, қышқылдығы жоғары, мөлдірлігі нашар, құрамында гуминдік заттар көп болғандықтан — сары немесе қоныр түсті болып келеді. Көбінесе шымтезекпен қапталған түбінде фитопланктон және түптік жануарлар кездеспейді. Дистрофтық көл тым батпақтанған аудандарда кездеседі.[1]
Суында органикалық заттар көптеп кездеседі. Ортаның белсенді реакциясы (рH) қышқылға қарай бағыт талған. Оттек жетіспеушілігі жазда айтарлықтай байқалады; оларда балық жоқ, гидробионттары негізінен мүктерден тұрады. Судың мөлдірлігі өте төмен, түсі сары, қошқыл немесе коңыр реңде болып келеді. Дистрофтық көл, әдетте, уақыт өте келе шымтезекке толып, батпаққа айналады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.