From Wikipedia, the free encyclopedia
Докторлық диссертация (лат. dіssertatіo – талдау, зерттеу) – ғылыми дәреже алу үшін көпшілік алдында қорғауға даярланған ғылыми еңбек; ғылыми дәреже алу үшін міндетті әдеби және ғылыми тақырыптарға жазылған шығарманы көпшілік алдында қорғау жүйесі.
Неміс тілінде сөйлесетін ортағасырлық елдердің университеттерінде пайда болып қалыптасқан. XVI–XVII ғасырларда бұл жүйе басқа елдерге де тарады. Ресейде машинкаға басылған диссертацияны қорғау ісі 1755 ж. Мәскеу университеті құрылғаннан кейін ұйымдастырылған. Ғылыми дәреже алудың 1819 жылғы Ресейлік ережесі бойынша ауызша және жазбаша емтихан кезінде магистр және доктор атағын алу үшін көпшілік алдында диссертация қорғалуы бекітілген. Магистрлік диссертация латын және орыс немесе басқа да тілдерде, ал докторлық диссертация латын тілінде қорғалып, міндетті түрде автореферат талап етілген. КСРО-да ғылыми кандидат және ғылыми доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау тәртібі 1932 ж. енгізілді. Қазақстан Республикасында ғылыми дәреже мен ғылыми атақ алу үшін диссертация қорғау тәртібі арнаулы ережемен бекітілген.
Абай мұрасын жариялау, тану, бағалау мерзімді баспасөз беттерінде 19 ғасырдың аяқ кезінен (1899) көріне бастады. Ал арнайы кандидаттық, докторлық диссертациялар 40 жылдардың 2-жартысынан бастап қорғалды. Ақын мұраларының теориялық мәселелерін терең де жан-жақты ғылыми зерттеу үздіксіз жүргізіліп келеді. Абай мұрасын зерттеуге байланысты (1946-1992):
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.