Диск

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Диск (ағылш. Disk) — есептеуіш техникада, жазылған ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтай алатын магниттік қабыршақпен қапталған дөңгелек пластина түріндегі дерек жинақтауыш құрылғы. Ақпарат пластина бетіне шеңбер бойымен жазылған жолсызықтар арасындағы секторлар бетінде сақталады.

Дискілер магниттік, магнитті-оптикалық және оптикалық болып бөлінеді. Алайда, қазіргі уақыттағы компьютерлерде аталған дискілер қолданылмайды. Тек қатқыл диск ретінде HDD (ағылш. Hard disk drive) орнына SSD (ағылш. Solid-state drive) кеңінен қолданылуда.

Remove ads

Магниттік диск

Магниттік диск (Магнитный диск; magnetic disk) — жалпақ дөңгелек табақша немесе диск түрінде жасалып, мәліметтер сақтау үшін беті магниттік қабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина. Олардың иілгіш және қатты етіп жасалған түрлері бар. Мысалы, қатқыл магнитгік дискідегі жинақтауыш.

Thumb

Иілгіш магниттік диск

Иілгіш магниттік диск (Гибкий магнитный диск; floppy disk) — компьютердің сыртқы жады ретінде колданылатын иілгіш заттан жасалған алмалы-салмалы магниттік диск. Дискет мәлімет жазуға, оқуға арналған ұзынша ойығы бар пластмасса қорапқа салынып, ортасында оны айналдыруға арналған кіндікшемен жабдықталады. Сондай-ақ оның мәлімет жаздыруды болдырмас үшін ашылып-жабылып тұратын қосымша төртбұрышты ойығы болады. Дискет компьютердің негізгі блогындағы дискіжетектің ұясына салынады. Компьютерлер желісі, электронды пошта кең қолданыс тапқанша, дискет деректерді бір машинадан екінші машинаға ауыстырудың негізгі тәсілі болды.

Remove ads

Қатқыл диск

Қатқыл диск (Жесткий диск; hard disk) — металдан (алюминийден) жасалған магниттік диск. Ол, әдетте, өзіне арналған шаң кірмейтін дискжетекте орналасады. Диск өте үлкен жылдамдықпен (минутына жобамен 5400 айналым) айналады. Магниттік бастиек дискінің бетіне өте жақын орналасқан, Ондай типті дискілердің сыйымдылығы айтарлықтай көлемді, әдетте, 40-тан 800 Мбайтқа дейін. Олар өте үлкен жылдамдықпен қатынас құру мүмкіндігін береді. Қатқыл дискі ұдайы есептеу машинасының ішінде тұрады.

Логикалық диск

Логикалық диск (Логический диск; logical disk) — жеке аттар (c,d,e жөне т.б.) берілген және дербес магниттік диск ретінде пайдаланылатын винчестердің бөлігі. Магниттік диск (Магнитный диск; magnetic disk) — беті ферромагниггік қабыршақпен (ферролакпен немесе кобальт- вольфраммен) қапталған, алюминийден жасалған диск.

Thumb

Оптикалық диск

Оптикалық диск (Оптический диск; optical disk) — мәліметтерді жазу және оқуы лазерлік сөуле арқылы орындалатын диск. Мұнда ақпаратты өшіру және өзгерту ескерілмеген. CD-ROM (Compact Disk — Read-Only Memory — компакт-диск — ПЗУ) типті оптикалық дискілер белгілі.

[1] [2]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads