From Wikipedia, the free encyclopedia
Джулия Боггс Дент-Грант (ағылш. Julia Boggs Dent-Grant; 26 қаңтар 1826 – 14 желтоқсан 1902) – Америка Құрама Штаттарының 18-ші президенті Улисс Гранттың жұбайы және 1869-1877 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Джулия Грант Julia Grant | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
4 наурыз 1869 жыл — 4 наурыз 1877 жыл | |||
Ізашары | Элиза Джонсон | ||
Ізбасары | Люси Хейз | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 26 қаңтар 1826 Сент-Луис, Миссури, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 14 желтоқсан 1902 (76 жас) Вашингтон, АҚШ | ||
Әкесі | Фредерик Дент | ||
Анасы | Эллен Уреншелл-Дент | ||
Жұбайы | Улисс Грант | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Грант Сент-Луис, Миссуриде орналасқан Уайт Хейвен плантцаиясында полковник Фредерик Дент және Элен Уреншелл-Денттердің отбасында дүниеге келді. Кішкентай кезінен бастап қылилықпен ауырған. Өзінің балалық шағынан қалған естеліктері туралы ол: «Күн, гүлдер және күлкіге толы ұзақ жаз» деп айтқан.Сент-Луистегі миссис Мейрустың мектеп-интернатында оқыған. Вест-Пойнтте ағасы Фредерикке салтанатпен құрмет көрсеткен кезде, Джулия одан сақина алады. Сол сақинаны ол жиі киетін.
Джулия келісімін берер алдында Грант оған бірнеше рет ұсыныс жасаған еді. 1848 жылы 22 тамызда Улисс Грант Джулия Дентке Уайт Хейвен плантациясында үйленеді. Гранттың ата-анасы неке тойына бармады, себебі Денттер құл иеленушілер болды. Алайда Джулияға олар бой ұсынды.
Тойдан кейін Джулия жиі күйеуін әскери іс-сапарларда сүйемелдейтін. 1852 жылы Улиссті батыста көшбасшы болып белгілегенде, Грант ата-анасының үйіне оралады.
Жұбайларда үш ұл және қызы болды:
Грантты Азамат соғысы кезінде волонтер болып шақырған кезде, ол әкесінің тері дүкенінде жұмыс істеген еді. Джулия күйеуімен бірге болуға тырысты.
1869 жылы Джулия Грант Бірінші ханым атанды. Бұл өмірінің кезеңі ең бақытты деп айтатын. 1874 жылы басты мәселе оның қызының үйлену тойы болды. Замандастар оның киімің, қымбат әшекейлерді, жібек пен шілделерді ескерген.
Джулияға оның қылилығын жою үшін ота жасауға ұсыныс жасаған кезде, президент Грант әйелін осындай күйінде де жақсы көретінің атты.
Ақ үйден шығып жұбайлар жер шарын айнала саяхаттай бастады. Джулия бұл сапарды қуанышпен еске алатын. Саяхаттың ең қызығы Виндзор сарайында патшайым Викториямен ұйымдастырылған кеш болды. Сондай-ақ оларды сарайда Жапония императоры Мэйдзи және оның әйелі Харуко қарсы алды.
1884 жылы отбасы банкротталды. Әйеліне жағдай жасау үшін Грант отбасы жайлы өмір сүруге көмектесетін ғұмырнама жазады. 1900 жылы Джулия «Джулия Гранттың жеке мемуарлары» атты автобиографияны жазды, оны 1965 жылы басып шығарды.
Джулия Грант 1902 жылы 14 желтоқсанда Вашингтонда қайтыс болады. Күйеуінің қасында көмілген.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.