From Wikipedia, the free encyclopedia
Джордж Дьюи Кьюкор немесе Джордж Цукор (ағылш. George Dewey Cukor; 1899 ж. 7 шілде — 1983 ж. 24 қаңтар) — американдық кинорежиссёр жəне сценарист. Оның «Сегіздегі түскі ас», «Филадельфиялық оқиға», «Газды жарық», «Адамның қабырғасы» жəне «Менің керемет аруым» (1964 ж., ең үздік режуссуралық қызметі үшін «Оскар» сыйлығын алды) секілді фильмдері Голливудтың алтын қорына енген.
Джордж Кьюкор | |
ағылш. George Dewey Cukor | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары |
1930 — 1981 |
Марапаттары |
«Оскар» (1965) |
IMDb | |
Нью-Йоркте Венгриядан шыққан еврейлер отбасында дүниеге келген. Қатардағы солдат ретінде екі Дүниежүзілік соғыс майданында шайқасты. 1920 жылдан бастап Бродвей театрында еңбек етті, ал 1928 жылы Голливудқа көшіп келді. 1930 жылдары атақты продюсер Дэвид Селзниктің қол астында еуропалық классиканың желісі бойынша фильмдер түсірумен айналысты. Сельзниктің жоспары бойынша дəл Кьюкор «Жел айдағандар» шығармасының желісі бойынша фильм түсіруі керек болатын. Алайда, түсірілімнің басталуына аз уақыт қалған кезде ол жобадан шығып кетті.
Кьюкор актерлармен адал жұмыс істейтін. Бұны оның фильмдеріндегі үш ер адамның қатарынан ең үздік ер адам рөлі номинациясында «Оскар» сыйлығын алуы дəлелдейді. «Газды жарық» фильміндегі рөлі үшін атышулы Ингрид Бергман «Оскар» сыйлығын алды. 1940 жылдар мен 1950 жылдардағы аралықта ол Джуди Холидей ойнайтын төрт фильм түсірді. Солардың біреуі үшін ол «Оскар» сыйлығын алды. Кьюкордың фильмінде «Оскар» сыйлығының төрт мəрте иегері Одри Хепбёрн алғашқы рөлін сомдаса, Грета Гарбо соңғы рөлдерін сомдады.
Кьюкордың соңғы жұмыстарының бірі оған кеңестік режиссерлермен жұмыс істеу тəжірибесін сыйлады: екі арадағы қарым-қатынастың жақсаруы кезеңінде «20th Century Fox» пен «Ленфильм» кинокомпаниялары бірлесе отырып, Морис Метерлинктің пьесасының желісі бойынша «Көгілдір құс» ертегісін түсірді.
Түсірілім алаңының сыртында Кьюкор бонвиван ретінде атақты болды. Оның вилласындағы тұрақты ойын-сауық кештеріне көптеген голливудтық атақты адамдар жиналатын. Ол əйелдерге қызықпайтын, жас ер адамдармен бірге өмір сүретін. Бір жолы ол тіпті «әдепсіз мінез-құлқы» үшін қамауға алынып, голливудтық қожалардың араласуынан кейін бұл іс тез жабылды. Кьюкор 1983 жылы 24 қаңтарда жүрек талмасынан дүниеден өтті жəне Глендейлдің «жұлдызды» зиратында жерленді. Өзінен кейін бірнеше миллиондаған долларлық дəулет қалдырды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.