Джордж Банкрофт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Джордж Банкрофт, ағылш. George Bancroft (03.10.1800 - 17.01.1891) - американ саяси қайраткері, дипломаты, тарихшы. 1818 ж. Гарвард университетін бітірді. 1822 жылдан Демократиялық партияның көрнекті қайраткері. 1845-46 ж. теңіз министрі, 1846-48 ж. Лондондағы, 1868-74 ж. Берлиндегі елші. 1834-74 ж. "Құрама Штаттардың тарихы" атты 10 томдық негізгі еңбегін жариялады. Мұнда американ демократиясын мадақтаған[1].
Басқа мағыналар үшін Банкрофт (мағына) деген бетті қараңыз.